Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға ресми сапармен барады

234

0

Фото ашық дереккөзден

17-18 қазан күндері Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барады. Кazinform бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Бейжіңде Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөз жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысының 9-15 қазан аралығындағы жұмыс аптасына видеошолу жарияланған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<