Есірткіге жол жоқ!

268

0

Фото: Полиция департаменті

Сәлем достар! Мен Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 9 сынып оқушысы Таңатарқызы Гүлнұр.

Қазақстанда да, бүкіл әлемде де үлкен алаңдаушылық тудыратын өзекті мәселелердің бірі – нашақорлықтың таралуы. Бұл құбылыс жеке адамның ғана емес, жалпы ұлттың денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Бүгінгі күні нашақорлық мәселесі әрқайсымызға әсер етуі мүмкін.

Есірткі – бұл психикалық жағдайдың өзгеруіне әкелетін, жүйелі түрде қолдану тәуелділікке әкелетін өсімдік немесе синтетикалық текті химиялық заттар.

Заманауи есірткілер – бұл синтетикалық өнім. Оларды қолданған кезде мидың ауыр органикалық зақымдануы туындайды. Бұл есірткі қолдану сәтінде пайда болатын миды қоректендіретін тамырлардың күрт тарылуымен байланысты. Әдетте, синтетикалық өнімді қолданатын нашақорда өмір бойы сақталатын психикалық екінші диагнозы болады. Сондықтан оларда фобия, мания, галлюцинация және негізсіз қорқыныштар сияқты психологиялық күйлер пайда болады.

Нашақорлық көптеген әртүрлі қылмыстардың, соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың тікелей себебі болып табылады

● Нашақорлық – заманымыздың дауасыз індеті.

● Нашақорлық – есірткі заттарды пайдалану.

● Нашақорлық – психикалық ауру.

Достар денсаулық – зор байлық дегендей өмірің жарқын, болашағын зор болсын десең, еліңнің жұлдызы болам десең денсаулығыңды сақтаған жөн.

Гүлнұр Таңатарқызы,

Абай атындағы дарынды балаларға арналған

мектептің 9 сынып оқушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<