Facebook-те Тоқаевтың жалған аккаунты пайда болды

513

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter және Instagram әлеуметтік желілерінде ғана ресми тіркелген

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Facebook әлеуметтік желісінде ресми парақшасы жоқ. Президенттің атынан тіркелген барлық аккаунт жалған. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Берік Уәлиден Facebook-те Мемлекет басшысының аккаунты бар ма деп сұраған.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунт пен парақшаларға сенбеуге шақырамын», – деп жазды баспасөз хатшысы.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар.

Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан – @TokayevKZ.

Екіншісі, 2019 жылдың сәуір айында Instagram-да ашылған @tokayev_online аккаунты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<