Форум қатысушылары әдістемелік қоржындарына тың идеялар жинақтады

696

0

«Жас педагог: табысқа апара жол» аймақтық форумының жұмысы аясында мұғалімдер өңірдегі жалпы білім беретін ұйымдар мен Зияткерлік мектептің көшбасшы ұстаздарының шеберлік сыныптарына қатысты.

Спикерлер әріптестеріне ойын элементтерін кіріктіру арқылы оқушылардың АКТ құзыреттілігін дамыту, бастауыш сыныпта Renderforest бағдарламасын қолдану, қабілеті жоғары оқушыларды олимпиадаға дайындау жолдары, ағылшын сабағында белсенді оқыту стратегияларын қолдану бойынша ақпарат беріп, қызықты лайфхактарымен бөлісті. Бірлескен практикалық жұмыстарда жас ұстаздар біліктіліктерін арттырып, педагогикалық дамуға қажетті тың тәсілдерді меңгерді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<