Белсенді авторлар қатарынан табылды

240

0

 

«Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Абай Тағыберген buqin.kz сайтының ең белсенді 5 тәуелсіз авторды анықтайтын жобасына жыл басынан бері қатысып келеді. Бүгінге дейін газетіміздің бетінде қаңтар айынан бастап жарық көрген ақпарат, сұхбат, зерттеу мақала сынды әр түрлі жанрдағы 71 материалды орналастырған Абай 70897 балл жинап, төртінші орынға ілініп, мерейі үстем болды.

Тәуелсіз авторлар платформасына осы күнге дейін 1800 автор тіркеліп, олардың ішінен жоғары балл жинап, көзге түскендердің реті жарияланып келеді. Бұл жолғы жарияланымда алғашқы бестіктің қатарынан көрінген А.Тағыбергеннің журналистика саласында қолтаңбасы бар екендігін дәлелдейді.

Айта кету керек, жарық көргеніне 8 жылдан асқан, талай мәселелер көтеріп, оқырмандарына жақын болған «Ұстаз мәртебесі» газетінде жарияланған 71 материалды аталған сайттың да оқырмандары жиі көріп, тұшына оқып, өз бағаларын берген. Бұл өз кезегінде газеттің де салмағын айқындайды. Сайтта елімізде жарық көріп келе жатқан газет-журналдар арасынан біздің басылымда жарияланған материалдарды жоғары бағалағаны үшін оқырмандарға ризашылығымызды білдіреміз.

 

А.Мырзалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<