Газға тұншығуы мүмкін: Шымкентте бір отбасы қайтыс болды

273

0

Шымкентте белгісіз себеппен бір отбасы мүшелері өз үйлерінде қайтыс болды, деп хабарлайды Kazinform. Оқиға «Ынтымақ-2» мөлтекауданында болған.

Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, отбасы мүшелері газға тұншығып қайтыс болған. Оның ішінде 2007, 2008 және 2012 жылдары туған үш бала бар.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиға жөнінде әлі ресми ақпарат таратпады. Дегенмен, қайғылы оқиғаның болғанын растап отыр.

Ал қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барлық жедел қызмет көрсету мекемелері оқиға орнына шұғыл жеткенін мәлімдеді.

«Өз тарапымыздан барлық қажетті қолдау көрсетеміз. Төтенше жағдайлар департаментіне, газ беру қызметтеріне, аудан әкімдіктеріне көпқабатты және жеке секторлардағы газ жабдықтарын бақылау мақсатында кешенді тексеру жүргізуді тапсырдым. Одан бөлек, пешпен жылыту қолданылатын үйлер де тексеріледі», – деген әкім қала тұрғындарын пәтерлерде, жеке үйлерде газды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын қатаң сақтауға шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<