Harley-Davidson: 320 гаухармен көмкерілген мотоцикл

226

0

Мотоцикл өндірісі бойынша әлемдегі ең үздік әрі аты аңызға айналған Harley-Davidson компаниясы жаңа Blue Edition аталатын моделін таныстырды. Ол швейцариялық Bucherer зергерлік үйімен бірлесе жасалған. Нағыз шедевр 320 гаухармен көмкерілген. Корпусында 5.40 каратты асылтаспен әрленген сақина орналастырылған екен. Әрбір бұранда алқызыл алтыннан жасалған. Сондай-ақ, сейф те бар.
Осыншама әрленген дүние көлік ретнде жарамсыз деп ойламаңыз, 100 ат күші бар қозғалтқыш сағатына 187 километр жол жүруге мүмкіндік береді. Темір тұлпар тек қожайынының саусақ ізінен ғана тұтанады. Темір емес, гаухар тұлпар деген жөн шығар. Қазіргі таңда бұл әлемдегі ең қымбат мотоцикл ретінде бағаланып отыр. Құны –  1,9 миллион доллар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<