Индонезияда жанартау атқылап, 11 адам мерт болды

216

0

Фото: tass

Индонезияның Суматра аралында жанартау атқылап, 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігі құтқару қызметі өкіліне сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

Оның дерегінше, үш адам аман-сау табылды, тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Суматрада 3 желтоқсанда Марапи жанартауы атқылады. Алдын ала деректер бойынша, жанартау шоғы 15 мың метрден астам биікке шашыраған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<