\»Кешьюдің\» бұрынғы әншісі танымал спортшыға ұзатылды

237

0

Осыдан бір жыл бұрын «Кешью» тобына қабылданып, аз уақыт өнер көрсеткен Ақбота Құрманғали күні кеше танымал спортшы Садриддин Ахметовке ұзатылды. Әншінің ұзату тойы Алматы қаласында өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Құрманғалиді Алматыдағы мейрамханалардың бірінен Жанар Айжанова ұзатқан. Ал бойжеткеннің ұзату тойында «Кешью» тобының құрамынан Балжан Бидаш болған. Думанды кешке өнер адамдарынан Жігер Ауыпбаев қатысқан. Алайда олардың арасында әншінің ұстазы жоқ екен.

Айта кетейік, 21 жастағы Садриддин Ахметов пен 18 жастағы Ақбота Құрманғалидің үйлену тойы 3 тамыз күні Астана қаласында өтпек.

Танымал спортшы мен бойжеткеннің арасындағы махаббат жайлы көпшілікке биылғы жылдың көктемінде белгілі болған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<