Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясын насихаттауға бағытталған тағылымды іс-шара өтті.
Шара барысында облыстық кітапхана басшысы С.Көзейбаев Сырдария аудандық кітапханасының директоры Р.Байділдаевқа және қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Г.Рахметоваға Қазақстан Республикасының Конституциясын салтанатты түрде табыстады.
Рәсім Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызын кеңінен дәріптеуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және өңір кітапханаларының қорын мазмұнды басылымдармен толықтыруға бағытталды.
Қатысушыларға заң ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Е.Алтаев Конституцияның ел тәуелсіздігін нығайтудағы, құқықтық мемлекет құрудағы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ерекше рөліне тоқталды. Сондай-ақ кітапханалардың құқықтық-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асырудағы маңызды рөлін атап өтті.
Конституция аудандық және қалалық кітапханалардың қорын толықтырып, оқырмандардың құқықтық сауатын арттыруға, Конституциялық құндылықтарды кеңінен насихаттауға қызмет етеді.
«СБ» ақпарат





