Көктайғаққа байланысты бірқатар бағыттағы автожолдар жабылды

234

0

Қазақстанда көктайғаққа байланысты бірқатар бағыттағы автожолдар жабылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазавтожол» ЖШС сілтеме жасап. 
Ведомство ақпаратына сәйкес, сейсенбі күні сағат 8:00-ден бастап Ақмола облысында Қостанай-Әулиекөл -Сұрған 232-260 шақырым (Қостанай облысы мен Сұрған ауылының шекарасы), Жақсы -Есіл-Бұзлұқ 0-82 шақырым. Екатеринбург-Алматы «СҚО – Жалтыр станциясы шекарасы» және Жезқазған-Петропавл 377-552 шақырым (Қостанай облысы – Сұрған ауылы шекарасы) жолдар жабылды.
Басты себеп: жаңбыр, көктайғақ, жел. Жолдар барлық автокөлік түрлеріне жабық. Сондай-ақ, Қарабұтақ-Қостанай автожолында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<