Күн жылынады: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

207

0

Қазақстанда алдағы күндері аномальді жылылық болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Казгидрометтің мәліметінше, 17 мен 19 қаңтар аралығында күн жылы болады.

Синоптиктердің айтуынша, Иран аумағынан Қазақстанға келетін жылы ауа масссалары есебінен ауа температурасы көтеріледі. Еліміздің көп бөлігінде 5-15 градус жылылық орнайды. Бұл климаттық қалыптан жоғары.

Алдағы үш күн жылы болғанына қарамастан оңтүстік циклон соңы еліміздің солтүстік бөлігінде қарға ұласады. Жел соғады. Оңтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, сулы қарға айналады. Көктайғақ болып, тұман түседі. Ауа температурасы қалыпты климаттық температурадан жоғары болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<