Көктем аруы анықталды

1202

0

Облыстық «Syrboyi.kz» ақпараттық агенттігінің мұрындық болуымен оқырмандар арасында «Ару көктем» фото конкурсы 14 наурыз бен 22 наурыз аралығында өткізілген болатын.

Қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыстың барлық оқырмандарын қатыстырғанбыз. Нәтижесінде хат қоржынымызға 9 оқырманымыздан суреттер келді.

Ата дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің жұртшылығы үшін ұлттық киімді киіп жүру таңсық емес. Той-жиындарда әжелер, аналар, қыз-келіншектер кәжекей, қамзолын тастамайтыны анық. Десек те салт-дәстүр, әдет-ғұрпымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған конкурсымыздың жеңімпазын оқырмандардың дауыс беруі арқылы анықтадық.

Конкурс нәтижесімен сырдариялық дәрігер Ләйла Жүкекова басқалардан дауыс ерекшелігімен басым түсіп, бас жүлдені ұтып алды. Ал бірінші орынды Шаған ауылының ұстазы Айнұр Сәдуова, екінші орынды қызылордалық Айару Аманбаева, үшінші орынды Айару Кенжебек ұтып алды. Барлық жеңімпаздар арнайы жүлдемен марапатталатын болады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<