Кәсіпкер нәрестені емдеуге қаржылай көмектесті

58

0

Қызылордалық жас кәсіпкер Нұрболат Ибраев жасқа толмаған нәрестені емдеуге қаржылай қол ұшын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалына Әлия Бекбауова есімді әйел сәбиінің еміне қаржылай қолдау көрсетуді сұрап келген еді. Өзі 4 бала тәрбиелеп отыр. Жалғызбасты ана сәбиіне ота жасату қажет екенін айтқан. Бірақ оған жететін қаржысы жоқ. Жол шығынын да қалтасы көтермейді. Осындай сәтте Нұрболат Ибраев жалғызбасты анаға қол ұшын созды. Қажетті қаржыны тауып берді.
«Тағдыр әрбір адамға түрлі сынағын береді. Сондықтан жабырқағанның жанынан табылып, мұқтаждың мұңын тыңдап, көмек қажет еткен жанға қолдау көрсетуді мен де қоғамның бір мүшесі ретінде азаматтық парызым деп санаймын», – дейді кәсіпкер.
Бұған дейін қызылордалық жастар жұмысшыларға ыстық тамақ таратқан болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз