Күріш ұны кәдеге жарайтын болды

1209

0

Облыста агроөнеркәсіптіктік кешен саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының өндірісіне инновациялық тәжірибені енгізу және кеңінен тарату болып табылады.


Осы ретте, басқарманың қолдауымен ағымдағы жылы «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдары Қазалы ауданындағы «РЗА-Нан» ЖШС-де күріш ұнын нан-тоқаш өнімдерінде қолдану жөніндегі өз жұмыстарын бастап кетті.


Жоба барысында күріш ұнына зертханалық зерттеулер жүргізіліп, 10%, 15% және 20% күріш ұнтағы қосылған және гуар камедімен (тағамдық қоспа) байытылған нан үлгілері дайындалды.
Дайын нан үлгілері бойынша сала мамандары мен қарапайым тұрғындар дегустация жасап, өздерінің оң бағасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<