Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы талқыланды

5

0

Фото: Жалағаш ауданы әкімдігі

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен макроэкономикалық индикаторлардың орындалу барысы қаралды.

Мәжілісте 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша аудан экономикасының негізгі көрсеткіштерінде оң өсім қалыптасып, жоспарланған межелердің орындалғаны атап өтілді.

Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 120,0 пайызға орындалып, 12 млрд 269 млн теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 114,1 пайызды құрап, 2 млрд 828 млн теңгенің өнімі шығарылды. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 122,7 пайызға орындалып, 8 млрд 290 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2 млрд 124,3 млн теңгеге жетіп, 101,3 пайызға орындалды. Тұрғын үй пайдалануға беру көрсеткіші 6 312 шаршы метрді құрап, 101,8 пайыз болды. Бөлшек сауда көлемі 1 млрд 118,7 млн теңгеге жетіп, 100,1 пайызға орындалса, құрылыс жұмыстарының көлемі 108,3 пайызды құрап, 3 млрд 315 млн теңгені құрады.

Мәжілісте күн тәртібінен тыс мәселелер де қаралды. Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасы аясында облыс әкімдігімен бекітілген 2026 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысы талқыланды.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты мониторинг жүргізіп, негізсіз баға өсімі анықталған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау қажеттігі ескертілді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі