Медиа саласының қызметкерлеріне семинар-тренинг өтті

260

0

Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаңа медиа және ақпарат берудің әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Қазіргі таңда блогерлер мен жастардың белгілі медиатренері ретінде танылған Асхат Еркімбай мемлекеттік қызметкерлер мен баспасөз хатшыларына өз тәжірбесімен бөлісті.
Шара барысында ғаламтор қолданушылардың қызығушылықтары мен ерекшеліктері жөнінде сөз болды. Сондай-ақ, қатысушыларға ақпараттар жүйесі мен оларды бақылаудың әдіс-тәсілдерін үйретті. 
  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<