Мерекелік жәрмеңке өтті

825

0

Фото: "Байқоңыр" ӘКК

Кеше «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күніне орай Мерей мөлтек ауданында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеде тұрақтандыру қорынан алынған 10 тоннадан астам өнім шығарылды. Мұнан бөлек, жәрмеңкеде корпорация серіктестері сиыр және жылқы етін, қызылордалық шұжық, балық пен бал өнімдерін халыққа төмен бағада ұсынды.

Айта кетейік, бүгінгі ауа-райының қолайсыздығына қарамастан өткізілген мерекелік жәрмеңкеге келген халықтың қарасы көп болды. Тұрақтандыру қорынан әкелінген өнімдеріміз түгелімен қалдықсыз өткізілді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<