NIS Hackathon: үздік IT жобалар анықталды

901

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «NIS Hackathon 2023» ІТ жобалар байқауы өтті.

Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторымен бірлесіп өткізілген мектепішілік сайыста 7-9 сынып оқушылары шығармашылық үйірмелерге арналған автоматты жүйе әзірлесе, 10-12 сынып білім алушылары пәндік олимпиадаларға және ғылыми жобалар сайыстарына дайындық жүргізуге бағытталған арнайы сайттар мен мобильді қосымшалар жасап шықты.

Нәтижесінде орта категорияда 3-орынмен – «Born to win», 2-орынмен – «Rind» және 1-орынмен – «Ititans» командалары марапатталып, 10 000, 20 000, 30 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болды

Ал жоғары топта «Girls power» командасы жеңімпаз атанып, «J-team» мен «Qyzylorda sunstroke» командалары 2 және 3-орындарды бөліп алды. Үздік шыққан оқушыларға 20 000, 30 000, 50 000 теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Байқаудың басты демеушісі – «Абай-Дәулет» компаниясы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<