«Нұрбақыттар келе жатыр»: Аралда есімі бірдей ерлі-зайыпты бар

804

0

Фото: жеке мұрағат

Арал қаласында аттас ерлі-зайыпты жұп тұрады. Екі жыл бұрын тұрмысқа шыққан Нұрбақыт Атығұлова күйеуі Нұрбақыт Мүберековпен қалай танысқанын айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Нұрбақыт Атығұлова мен Нұрбақыт Мүбереков Аралда туып-өскен. Ерлі-зайыпты әлеуметтік желі арқылы танысқан.

«Карантин кезінде Қызылордада медицина колледжінде оқыдым, студент болдым, жасым 16-да еді. Ол мені алғаш рет кафеде даяшы боп жұмыс істеп жүргенімде байқапты. Кафе иесінен менің нөмірімді сұраған, бірақ ол кісілер менің әлі жас екенімді ескеріп, телефонымды бермеген екен. Содан бір жылдан кейін өзім оны Vkontakte желісінен байқап қалдым. Аттасымды таптым деп оған достық өтініш жібердім. Ол қабыл алды. Сосын маған жаза бастады. Менен кафеде істеген-істемегенімді сұрады. Мен басында мойындамай жүрдім. Келе-келе жақын танысып, жақсы сөйлесіп кеттік», – дейді жас келіншек.

Қос Нұрбақыт 2021 жылдан бері бірге. Нұрбақыт Атығұлова мейірбике, ал жұбайы Нұрбақыт Мүбереков көлік жөндеумен айналысады.

«Үйлену тойымыз 2022 жылы желтоқсанда болды. Былтыр ұлымыз дүниеге келді. Есімін Шапағат деп қойдық. Қазір екінші сәбиімізді күтіп жүрміз», – дейді олар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<