Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады

276

0

фото: видео скриншот

Нұрболхан Шарапов көпшіліктің көзінше Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

«2019 жылдан бері 4 жыл өтіп кетті. «Не болды?», «Сендердікі хайп болды ма?», «Шынымен достастыңдар ма?» – деген сұрақтарды бүгінге дейін қоятындар бар. Барлығы өткінші, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен, көрісіп, білісіп жүрген жанбыз. Сол себепті соңына дейін тырысып жүргеніміз жарамас. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын. «Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын», – деді Нұрболхан Шарапов.

Өз кезегінде Ләйлә Сұлтнақызы да үлкендігін көрсетіп, әріптесіне сәттілік тіледі.

«Мен ренжіген жоқпын, ренжімеймін де. Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Қазір уақыт өтті, есейдік, ақыл кірді. Сен де кішкентай қыздардың әкесісің, менің де ұлдарым өсіп келе жатыр. Жауапкершілік деген бар. Уақыт, жағдай есейтті. Сыйластық жеңді. Біз Нұрболхан екеуміз әріптеспіз, ол қазір жоба жүргізіп жүр. Әріптес, әпке ретінде жобаға жоғары рейтинг тілеймін», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<