Облыс әкімі кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының кемшіліктерін сынға алды

413

0

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте күн тәртібінен тыс бірқатар қосымша мәселелер қаралды.

Оның бірі – сумен қамтамасыз етуге қатысты мәселе. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін облыс бойынша барлығы 3 мың

342 гектар жер арнайы дайындалды. Мамандар егілген көлемді қайта нақтылау кезінде су тапшылығы байқалған. Кейбір елді мекендерде егіншілер су жеткізе алмай, дизельді насоспен арықтан су алуда.

Жергілікті халық қосымша жер дайындауды сұрап, егін егуге ынтасын білдіруде. Себебі биыл бақша дақылдары жоспарланған көлемнен артық егілген. Демек, бұл жұмыстар қарапайым шаруа адамының күнкөріс деңгейіне оң әсер еткен. Облыс әкімі алдағы уақытта жергілікті халықтың сұранысына сәйкес бақша дақылдарын егу үшін жерді жоспармен дайындап, тұрғындардың сұранысын толықтай қанағаттандыруды тапсырды.

Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда филиалымен бірлесіп, дақылдардың нақты су тұтыну нормасына сәйкес су беру кестесін шаруалармен келісе отырып, үйлестіру, су деңгейін көтеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу жүктелді.

Соңғы уақыттағы кенеге байланысты эпидахуал, адам өліміне әкеп соқтырған жағдайлар қоғамда қызу талқылануда. Облыс әкімі мердігерлер жұмысындағы кемшіліктерді атап көрсетті.

Алдағы күзгі залалсыздандыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуі және оны ветеринария мамандары бақылауы керек. Мал қоралардың механикалық тазартылуы үнемі қадағалауда болуы тиіс. Аймақ басшысы жауапты басшыларға науқастарды ерте анықтауды, кененің көбеюіне не себеп болғанын зерттеуді, қолданыстағы заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, үнемделген қаржы есебінен қосымша анықталған елді мекендерді шұғыл залалсыздандыруды, кенеден қорғану шараларын насихаттауды тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<