Өнерде жүзген қос ғұмыр

646

0

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Қызылорда қаласының құрметті азаматы Бақытбек Алпысбайұлы мен өмірлік жары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәмила Әбжанованың киелі сахна төрінде өнер көрсетіп, жұлдыздай жарқырап жанғанына – 55 жыл толуына арналған «Театр – өмір, байрақ, бақытым!» атты шығармашылық кеші болып өтті. Кеште облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік сый-сияпат жасады.

Мерекелік кештің жұлдызды қонағы ұлт руханиятының абызы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Театрлар Ассоцациясының президенті және М.Әуезов атындағы қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімұлы мерейтой иелерінің қазақ театры тарихындағы өзіндік орны мен қолтаңбасына айрықша тоқталды. Мерейтойға арнайы келген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлы және Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театрының актері, Мәдениет қайраткері Мағзұм Бақытжанов, Маңғаз Маңғыстаудан келген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нұрнияз Мұханұлы, Шымкент қалалық Жұмат Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекболат Құрманғожаев және театр директорының орынбасары Тимур Ахметов, Қызылорда қалалық жастар театрының көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері Оңталап Нұрмаханов сахна төріне шығып, өз игі тілектерін білдірді.

Мерейтойлық кеш барысында Бақытбек Алпысбаев пен оның өмірлік жары Кәмила Абжанова сомдаған рөлдерді, олар қойған спектакльдердің кейіпкерін кескіндеген әріптестері құттықтап, әннен шашу шашып, мерейтойлық тарту ұсынды.

Өмір мен өнер айдынындағы жұптарыңыз жазылмай театр тұғырынан көріне беріңіздер!

Ғибратты ғұмырларыңыз толағай табыстарға толы болсын!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<