Өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

394

0

Фото: Қала әкімдігі

Аймақ басшысы облыстағы барлық әлеуметтік нысандардың жай-күйіне, әсіресе өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Осыған орай, қала әкімдігі мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен жұмысшы комиссиясы құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізуді бастады.

Аралау барысында әлеуметтік, кәсіпкерлік нысанардың сыртқы және ішкі жай-күйіне, өрт қауіпсіздігінің сақталуына, санитарлық тазалығына, ұжымның ахуалына басты мән беріліп, қызметкерлердің төтенше жағдайлар орын алған уақытта алғашқы ден қою әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Комиссия мүшелері халыққа қызмет көрсетуші нысан иелерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі және өрт оқиғасы орын алған сәттегі алғашқы әрекеттерді жетік білу маңыздылығы ескертілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<