Отбасы банк ескертеді: алаяқтардан сақ болыңыз!

414

0

Сурет: freepik

Отбасы банк өз жинақтарыңызды қаскөйлерден қалай қорғауға болатыны туралы кеңестері мен түсініктемелері бар ақпараттық парақша әзірлеп, іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар, алаяқтардың азаматтарды алдау тәсілдері де жетіліп келеді. Қазіргі таңда киберқылмыс, оның ішінде телефон және интернет-алаяқтығы ең көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Бәрінен бұрын несиелік-қаржылық сала ақпараттық қауіпсіздікке көбірек көңіл бөледі. Реттеуші органдар үнемі қауіпсіздіктің жаңа талаптарын қойып, ақпараттардың сыртқа шығып кеткені үшін айыппұлдарды өсіріп, алаяқтық тәсілдері күрделеніп жатыр – мұның бәрі де банктерге қырағылық танытып, қорғаныс жүйелерін жетілдіруді мәжбүрлейді.

Отбасы банк қалай өз жинақтарыңызды алаяқтардан сақтауға болатыны және айлакерліктің қандай түрлері кең тарап жатқаны туралы ақпараттары бар «Алаяқтардан сақ болыңыз» арнайы парақшасын іске қосты.

«Халықты алаяқтықтың түрлері мен қаскөйлердің әрекеттерінен қорғау жөніндегі осындай ақпараттандыру жобаларының маңызы орасан. Цифрлық технологиялар дамып жатқан заманда алаяқтар да қарап отырған жоқ. Біз мұндай келеңсіздіктерді талай рет тіркеп, олардың алдау тәсілдері сан алуан екендігін ескертіп келеміз. Сондықтан Отбасы банк дер кезінде және аса қажетті бастама көтеріп отыр», – дейді ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы Асан Қалиахмет.

Сарапшы егер банктен қоңырау шалып, өзін қауіпсіздік қызметінің менеджері, яки маманы ретінде таныстыратын болса, бірден әңгімені тоқтатып, сол қаржылық мекеменің ресми сайтында көрсетілген байланыс нөмірлеріне қайта қоңырау шалу керек, деп кеңес берді.

Сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де банктің нағыз менеджерлері немесе call-орталығының операторлары ешқашан жеке мәліметтерді телефон арқылы сұрамайтынын еске салады.

«Екінші деңгейлі банктерге алаяқтық әрекеттерге қарсы тұру үшін қандай да бір нақты шаралар қабылдап, жоспар құру керек. Ал Отбасы банктің «Алаяқтардан сақ болыңыз» жобасы дәл осыған, яғни азаматтардың қаржылық сауаттылығын көтеруге және арсыз азаматтардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан ақшалай қаражаттарынан айрылып қалмаудың жолдарына бағытталған. Банктің мұндай бастамаға мұрындық болуы үлкен артықшылық. Демек, банкке салымшыларының қаржылық қауіпсіздігі сияқты, өздерінің беделі де маңызды. Шындап келгенде, бұл екеуін бір-бірінен бөлек қарастыру мүмкін емес. Сондықтан Отбасы банк халықты ақпараттандырып, сазға отырғызып кетуі әбден мүмкін алаяқтық әрекеттер туралы ескертіп, жариялап жатқаны өте дұрыс», – деп есептейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру басқармасының бас маманы Мұхамед Бағдатұлы.

Айтқандай, Отбасы банктің «Алаяқтардан сақ болыңыз» арнайы парақшасында қылмыскерлердің құрбандығына айналмау үшін ең басты бес тыйым туралы ақпараттар келтірілген.

Ешқашан және ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді жіберуші болмаңыз және айтпаңыз: банк картасының деректемелері, әсіресе жарамдылық мерзімі, CVC/CVV-код (артындағы үш сан, картаның түпнұсқа екендігін тексеруге арналған код), код сөзі және ақшалай қаржының қалдық сомасы, орындалып жатқан төлем, аударылым және т.б. операцияны растайтын SMS/push-код.

Ешқашан төлем картасының деректемелерін жібермеңіз және жарияламаңыз, бұл әлеуметтік желілерге де қатысты.

Ешқашан өздерін қаржылық ұйымдардың қызметкері ретінде таныстыратын бөгде адамдардың қоңырауларына сенбеңіз.

Ешқашан құжаттармен мұқият таныспайынша, оларға қол қоймаңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Ешқашан құпия ақпаратты енгізбеңіз, сайттарға тіркелген кезде HTTPS:// префикс бар екендігіне көз жеткізбей тұрып, тіркелмеңіз.

Сондай-ақ банк бейтаныс біреулер жіберген хаттар мен хабарлардан барынша сақ болу қажеттігін ескертеді. Егер хат күдікті болып көрінсе, ондай тіркемелерді ашпаңыз, сілтемелерге өтпеңіз, деп кеңес береді банк.

Фишингтік шабуылды байқаған жағдайда немесе бөгде адамдар мен банк қызметкерлері тарапынан алаяқтық әрекеттерге күдік туындаған жағдайда, дереу ақпараттық қауіпсіздік қызметіне хабарласу керек: antifraud HYPERLINK «mailto:antifraud@otbasybank.kz»@ HYPERLINK «mailto:antifraud@otbasybank.kz»otbasybank

HYPERLINK «mailto:antifraud@otbasybank.kz».

HYPERLINK «mailto:antifraud@otbasybank.kz»kz, алаяқтық мәселелері бойынша сенім телефоны нөмірі: +7 (727) 330-94-82.

Александр Сергеев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<