15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ мен Отбасы орталығы бірлесіп «Отбасы – ұлт тәрбиесінің алтын ұясы» атты мерекелік шара ұйымдастырды.
Шара Отбасы орталығының «Бақыт мекені» залында өтті. Іс-шара барысында жас отбасыларға неке куәліктері табысталып, жаңа туған сәбилерге туу туралы куәлік беру рәсімі өткізілді.
Мерекелік жиынға Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Күлбаев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жанар Ахетова және «Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ бөлім басшысы Жанболат Досмаханов қатысты.
Қатысушылар отбасы институтын нығайту, ұлттық құндылықтарды сақтау және ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөліне тоқталды.
Шара аясында өнегелі отбасылар құрметтеліп, еңбек ардагерлері Әбдімәулен Тоқтыбаев пен Шахар Олжабаева, Мұстажап Тулеков пен Жамал Базарбаева отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті.
Кеш барысында мәдени бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға ән мен поэзиялық композициялар тарту етілді. Іс-шара ақсақалдардың ақ батасымен қорытындыланды.





