Президент: Меккеде Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым, ол – елдің амандығы

375

0

  • Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде қазіргі буынның болашақ ұрпақ алдындағы борышы қандай екені туралы пайымын айтты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз. Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Меккеге барған сапарын еске алды.

«Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы», – деді Президент.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<