Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

463

0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілуде.Қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші іріктелетін болады.


Президенттің 2021 жылғы 18 мамырдағы №580 Жарлығымен белгіленген талаптарға сәйкес іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.


Резервшіні бос мемлекеттік лауазымға тағайындау құзыреттер жиынтығы ескеріле отырып және Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ұсынымы бойынша конкурстан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын болады.


Еліміздің одан әрі дамуына үлес қосуға дайын және қабілетті барлық азаматтарды, Сыр жастарын Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуге қатысуға шақырамыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<