Пробация қызметкері оқушылармен кездесті

873

0

Облыстық ҚАЖ департаментінің Сырдария аудандық пробация қызметінің қызметкерлері   Сырдария ауданы С.Сейфуллин ауылының  №137 орта мектебінің оқушылармен кездесті.

Кездесу барысында әділет капитаны Асылжан Сақыбеков оқушыларға заңдылықты  сақтау және құқықтық тәртіп жайлы қысқаша дәріс өткізіп, жаңылыс басудан сақтанып,тәртіпті сақтап,  қылмыстан бойды  аулақ ұстауға шақырды. Сондай-ақ  мектеп бітіргелі тұрған 11 сынып оқушыларына мамандық таңдауда қателеспеу керектігін айтып, таңдаған мамандығыңтарыңыз  өмір бойы еңбектеріңнің  жемісін берер жұмысың болып табылатынын және  жан дүниеңнің  қалауына сай келетін салада жұмыс жасасаңыздар, толағай табысқа жетесіздер деді.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, оқушылармен естелік суретке түсу рәсімімен тәмамдалды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<