Қайталама тұрғын үйдің артықшылықтары
1. Үй пайдалануға берілген. Мұндай тұрғын үйдің ең басты артықшылығы – жоспарларды, рендерлерді және макеттерді бағалаудың орнына келіп, дайын пәтерді бағалау мүмкіндігі. Үйдің жай-күйі, орналасқан ауданы мен жергілікті аумақты абаттандыру қандай деңгейде екенін бірден көре аласыз.
2. Кең таңдау. Егер сіз Алматы немесе Астанадағы пәтерлерді сату туралы хабарландыруларды қарап шықсаңыз, жылжымайтын мүлік нарығының негізгі бөлігі қайталама тұрғын үйден тұратынын байқайсыз. Сол себепті тарихи ғимарат болсын, қаланың қақ ортасындағы үй болсын немесе тыныш аймақ болсын, сатып алушының өзіне ұнаған пәтерін табу оңайырақ болады.
3. Көп қоныстанған аудан. Қайталама жылжымайтын мүлік көбінесе инфрақұрылымы дамыған, яғни жайлы өмір сүру үшін қажет барлық нәрсе жасалған ауданда орналасады.
4. Коммуналдық қызмет төлемдері. Сіз пәтердің алғашқы иесі болмағандықтан, сіз коммуналдық қызметтерге шамамен қанша шығын кететінін біле аласыз. Төлемге қатысты ешқандай күтпеген жағдай орын алмайды.
5. Жөндеу жұмыстары. Тұрғын үйді жөндеу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ не дегенмен үйде жөндеу жұмыстары болғаны дереу көшуге мүмкіндік береді. Салыстырып қарасақ, ремонты жоқ үй мұндай мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, қайталама тұрғын үй көбінесе жиһазымен бірге сатылады.
Қайталама тұрғын үйдің кемшіліктері
1. Бағасы жоғары. Өкінішке орай, әдетте қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің құны жаңа ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары.
2. Ипотека алудағы қиындықтар. Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлікті тексеруге қойылатын талаптар қатаң. Сондықтан банк тым ескі тұрғын үйді сатып алу үшін ипотека беруден бас тартуы мүмкін. Қазақстан банктері беретін ипотеканың барлық түрлерін korter.kz сайтынан көре аласыз.
3. Заңдастырудағы қиындықтар. Қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік мұқият заңды тексерістен өтеді. Үйдің қазіргі иелерінің, бұрынғы иелерінің тарихын тексеру қажет, сондай-ақ мұрагерлердің, кәмелетке толмаған үй иелерінің бар немесе жоқтығына, үй иесінің сотталмағандығына көз жеткізу керек.
4. Үйдің жағдайы. Ескі пәтер сатып алғанда, оның қаншалықты тозғанын ескеру қажет. Сонымен қатар, ескі жобада салынған үйлерде әдетте балалар арбасы, велосипедтерді сақтайтын орын, жабық аулалар және басқа да заманауи ыңғайлылықтар жоқ.
5. Жөндеу жұмысы. Үйде жөндеу жұмысының жасалуы – жаңа үйге шұғыл көшіп келетін адамдарға ыңғайлы. Алайда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қалайтындарға оған көп ақша жұмсауына тура келеді, өйткені, бюджетке ескі жөндеуді бұзу да кіреді. Сонымен қатар, типтік құрылыста үйді қайта жоспарлау жұмыстарына тыйым салынады. Онымен қоса, тұрғын үйдегі көршілер алаңдағы шу мен құрылыстан шыққан қоқыстарға шыдай бермейді.
Аталған кемшіліктерге қарамастан, қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің кең таңдауы оларды болдырмауға мүмкіндік береді. Ең басты нәрсе – нарықты зерттеу және өзіңізге ұнайтын пәтерді сатып алудан бұрын мұқият тексеру.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<