Қармақшыда егін даласына алғашқы дән себілді

581

0

Кеше аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов Жаңажол ауылы «Жаңажол» серіктестігінің егін алқабында алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.

Еңбек адамдарының салтанатты іс-шарасында аудан басшысы «Ырысты, күрішті, Қармақшы» елінің дихандар қауымын егін егу науқанымен құттықтап, егіннің мол болуын тіледі.

Сондай-ақ, еңбектен бақытын тапқан, ақ күріштен тау тұрғызған социалистік еңбек ерлерінің ерен еңбектерін ерекше атап өтті.

Аудан еңбеккерлері өткен жылы су тапшылығына қарамастан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Биыл да осы межеден шығып, аудан бойынша 25347 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын, оның ішінде негізгі дақыл күрішті 12523 гектарға орналастыру жоспарланып отыр.

Қармақшы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<