Қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті (бейне)

40

0

Қатты желден ауыл мектебінің шатыры ұшып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті 25 маусымда сағат 18.50-де Мамай аулында екпіні секундына 28 метрге дейін жететін қатты жел салдарынан 120 шаршы метр алаңда жалпы білім беретін мектептің шатыры ішінара бұзылғанын мәлімдеді.

Ғимарат 1985 жылы салынғаны, жалпы ауданы 1887 шаршы метр екені хабарланды.

ТЖД мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.