Қазалыда пробация есебіндегі азамат шаштараз ашты

907

0

Қазалы аудандық пробация қызметі мен аудандық жұмыспен қамту бөлімі, пробация есебінде тұратын азаматты мемлекеттік «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын тегін оқытты.


Бұл жөнінде Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Мамыр айында бір айлық курсты аяқтап, сертификат алған ол жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 555 600 теңге қайтарымсыз грант берілді. Бұл азамат гранттың қаржысына шаштаразға қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, өзінің жеке шаштаразын ашты.


«Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға мемлекеттің беріп отырған осы мүмкіндігін уақыт жоғалтпай тиімді пайдаланып, «Бастау Бизнес» жобасын тегін оқып сертификат алдым. Шаштараз ашып, халыққа қызмет етсем деген мақсатым болды. Негізі, бұл кәсіппен көптен бері айналысамын. Туыстарымның, таныстарымның шаштарын алып жүрдім. 2018 жылдан бері Қазалы аудандық пробация есебінде тұрамын. Білім алып, жеке кәсібімді ашуыма пробация қызметі көмектесті. Қазір менің салоныма алғаш ашылған күнге қарағанда көптеген клиенттер келуде» – деді ол.

Жыл басынан ауданда пробация есебіндегі 2 азаматқа 530 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді.


«Оның біреуі ағаш цехын ашса, екінші азамат құрылыс саласында сметалық жоба сызуға жәрдемдесу бойынша өзінің кәсібін ашқан. Мемлекетіміз тарапынан жасалып жатқан бұндай көмектер, пробация қызметі есебіндегі азаматтарды қайта әлеуметтендіруге зор көмегін тигізеді»- деді аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Е.Сражатов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<