Қазалылық боксшы қыз алтын медаль жеңіп алды

471

0

Сербия елінен ақжолтай жаңалық жетті. Сомборе қаласында бокстан өткен Халықаралық турнирде жерлесіміз алтын медаль иеленді. Зарина Толыбай 81 келіге дейінгі салмақта финалдық кездесуде сербиялық боксшыны жеңіп, елдің мерейін үстем етті.

Жаттықтырушылары – №18 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушылары – Руслан Жолбарысов және Мерген Ермаганбет.

Айта кетейік, Зарина Жалаңтөс батыр ауылындағы №103 мектепте оқыған. Қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында білім алуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<