Қазалы аграрлық-техникалық колледжінде қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Көшпенділер» трилогиясы – ұлттық тарих пен әдебиеттің алтын қазынасы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Маңызды шараны ұйымдастырудағы мақсат – қаламгердің «Көшпенділер» романын тереңірек зерттеу, оның тарихи маңызын, көркемдік ерекшеліктерін және қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін талқылау. Сонымен қатар «Көшпенділер» романын қазіргі қоғам мен жастарға таныстыру.
Конференцияға кітапхана оқырмандары Қ.Саниязов, Қ.Нұртаза, қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері А.Мәмбетов, Е.Айдаров, қалалық жастар ресурстық орталығының инспекторы Д.Жәмет, колледж оқытушылары Ж.Ысмағұл, Ж.Шыраева, аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары П.Ниязымбетова, Г.Махамашова Ғ.Мұратбаев атындағы №17 қазақ орта мектебінің ұстаздары, колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Олар туындының тарихи маңызы мен қазақ әдебиетіндегі орны туралы таратып айтты.
Шарада кітапханашылар Ж.Ерімбетова Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты баяндама оқыса, Ж.Әбдірова «Тарих жанрының шебері» атты кітап көрмесімен таныстырды. Қ.Садырова көпшілік назарына «Қазақтың алмас қылышы» атты слайдты ұсынды.
Кітапхана меңгерушісі Ж.Сейталиева: «Ұлтымыздың тарихын тереңінен қозғап жазған жазушының «Көшпенділер» трилогиясы тарихи аңыз қаһармандарының портретінен бастап көркем суреттеліп, асқан шеберлікпен жазылған. Тарихи оқиғаларды осылай жазба әдебиеттің қажетіне жарату Ілияс Есенберлин сияқты ұлы қаламгердің ғана қаламына тән», – деп жиынды қорытындылады.
Ж.ЕРІМБЕТОВА,
кітапханашы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<