Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге айыппұл салынады

322

0

Сурет: Zakon.kz

1 желтоқсанда Қазақстанда жазғы дөңгелектерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңға сай, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері көліктерінің қысқы дөңгелектері болуын қадағалауы керек.

«Мұндай заңбұзушылықтар анықталған кезде полиция қызметкерлері бұзушылықтар жойылғанға дейін көлікті тоқтатып, мемлекеттік нөмірді тәркілеуге құқылы», – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек 13 қарашада өткен брифингте.

Ең төменгі айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болады. Жүргізуші бір жылда қайтадан тәртіп бұзса, 10 АЕК (34 500 теңге) айыппұл төлейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<