Қазақстанда жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды

352

0

Фото: freepik.com

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

«Заң жобасы үш блоктан тұрады. Бұл ретте, байланыс саласын дамыту, цифрландыруды дамыту, инновацияларды қолдау ескерілен», – деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.

Құжатта мынадай іс-шаралар қарастырылған:

радиожиілік спекторын қайта қарау,

байланыс инфрақұрылымы үшін орындарды бас жоспарға енгізу;

виртуалды байланыс операторларының құқықтық мәртебесін енгізу;

байланыс желілері мен құрылыстарын орналастыру орындарына операторлардың тең дәрежеде қол жеткізуін заңнамалық бекіту;

ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарында байланыс қызметтерін субсидиялау;

автокөлік жолдарында талшықты-оптикалық байланыс желілерін қамтамасыз етуді міндеттеу;

геостанционарлық емес байланыс спутниктерінің жұмысын реттеу;

жергілікті атқарушы органдарға байланыс инфрақұрылымын құру саласында қосымша құзырет беру.

Заң жобасында салалық шешімдерді цифрландыру үшін құқықтық жағдайлар енгізілген. Мәселен, жаңа туған нәрестеге ЖСН бекіту және басқа да іс-қимылдар ескерілген. Таратылған мәліметке қарағанда, жеке деректерді жоғалту қаупін болдырмау үшін, бала туғаннан кейін бірден, яғни алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылды. Осылайша алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту қарастырылған.

«Заң жобасы қабылданған жағдайда байланыс желілерінің құрылысы жеделдейді. Екіншіден, байланыс қызметтерінің сапасы жақсарады, қамту аймақтары кеңейеді. Үшіншіден, байланыс операторлары арасында бәсекелестік дамытылады. Төртіншіден, жаңа спутниктік байланыс жұмыс істей бастайды», – деді Екатерина Смышляева.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<