Қазақстанның халық әртістерінің жалақысы екі есе өседі

1123

0

Фото: akorda.kz

Мәдениет және спорт министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен айлық алатын ұйымдардың қызметкерлеріне, сонымен бірге қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер дайындады деп хабарлады turkystan.kz.

Министрлік бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» құрметті атағы және республиканың құрметті атақтары бар азаматтардың жалақысын 50-ден 100%-ға дейін арттыруды, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның «Еңбек сіңірген» құрметті атағы және республиканың құрметті атақтары адамдарға бұрынғыдай БДО-дан 30% үстемеақы беруді мақсат етіп отыр.

Сонымен қатар Мәдениет министрлігі жобаны іске асыру үшін «Халық әртісі» атағын алған азаматтарға берілетін үстемеақыны базалық жалақының 50%-дан 100%-ға дейін көбейту үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлуді қарастыратынын хабарлады.

Айта кетейік, құжат 10 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<