ҚТЖ жұмысшыларының жалақысы 41 пайызға өсті

50

0

«ҚТЖ»ҰК» АҚ 2022 жылғы 1 шілдеден бастап еңбек ақы төлеуде тарихи қалыптасқан «учаскелік» өңірлік коэффициенттен облыстық коэффициентке кезең-кезеңімен көшуді бастайды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүкіл өндірістік персонал үшін маңызды шешім биылғы шығындар мен қаржы саласына түскен айтарлықтай жүктемеге қарамастан қабылданды. Жаңа коэффиентке көшу арасына 6 ай сала отырып, 4 кезеңде жүзеге асырылады және 2024 жылы 1 қаңтардан асырмай аяқталады.

Мәселен бір облыстағы қолданыстағы төрт «учаскелік» коэффициенттің ішінен ең үлкені – бірыңғай «облыстық» коэффициент ретінде қолданылатын болады.

Бұрын жүргізілген шаралар компанияның өндірістік персоналы жұмысшыларының жалақысы деңгейін өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 41%-ға көтеруге мүмкіндік берді. Негізгі өндірістік персонал жұмысшыларының жалақысын бұлай айтарлықтай көтеру 2013 жылдан бері болмаған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ елдегі ірі жұмыс беруші бола отырып, тұрақты түрде жұмысшыларының әл-ауқатын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.