Құрылыс саласына қатысты 177 жоба жүзеге асырылды

115

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

2023 жылы Қызылорда облысы қарқынды құрылыс алаңына айналды. Әлеуметтік маңызы бар нысандар мен білім ұйымдары, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялар, көп қабатты тұрғын үйлердің іргетасы қаланып, жаңа ғимараттар пайдалануға берілді.

Тиісінше, былтырғы жылдың қорытындысымен өңірдегі құрылыстың көлемі 140 пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев хабарлады.

– Былтыр құрылыс саласына 87,1 млрд теңге бөлініп, 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артты. Осыған сәйкес, облыста қарқынды құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 177 жобаның құрылысы жүргізілді. Атап айтқанда, білім беру саласында – 36 нысан, денсаулық сақтау саласында – 23 нысан, мәдениет саласында – 7 нысан, спорт саласында – 15 нысан, халыққа қызмет көрсету бойынша – 3 нысан, 26 тұрғын үй құрылысы, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тарту бойынша – 71 жоба жүзеге асырылды. Жалпы құрылыс саласында негізгі екі көрсеткіш белгіленген. Олар: құрылыс жұмыстарының көлемі және пайдалануға берілген тұрғын үйлер. 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі құрылыс көлемінің көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 140,4 пайызды құрады. Сондай-ақ, қаржыландырудың барлық көздерінен 740,7 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға беріліп, көрсеткіш 108,4 пайызды құрады, – деді басқарма басшысы Ерлан Кәрімбекұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<