Бүгін «SCAT» әуе компаниясы «Ақтау – Қызылорда – Ақтау» бағыты бойынша субсидиялық жаңа әуе рейсін іске қосты. Алғашқы рейспен 146 жолаушы Қызылордаға келсе, дәл осындай жолаушы Ақтауға аттанды.
Жаңа бағыт рейстері «Boeing» әуе кемесімен аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Ұшақ Ақтау қаласынан Қызылордаға сағат 16:00-де қонып, Қызылордадан Ақтауға сағат 17:00-де ұшып шығады. Билет құны бір бағытқа тұрақты түрде 25 000 теңге болады.
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен ұйымдастырылған алғашқы рейсті дәстүрге сәйкес әуежайдағы су аркасымен салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Жаңа әуе бағыты өңіраралық байланысты нығайтып, жолаушылардың мүмкіндігін кеңейтеді. Сондай-ақ туристік және іскерлік байланыстарды дамытуға оң ықпал етеді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі






