Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы  жеке қабылдау өткізді

507

0

Бүгін Қызылорда облысы ПД бастығының жеке қабылдауы өтті. Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы  азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.

Жеке  қабылдауға алдын ала жазылған 11 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің дені белгілі бір қылмыстық істер бойынша уәждерін алға тартса, бірқатар тұрғындар кадрлық мәселелер бойынша сауалдарымен жүгінді.

Қабылдау барысында Департамент бастығы барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап шығып, жекелеген сауалдар бойынша тиісті  сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініштер ПД бастығының жеке бақылауына алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<