Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

556

0

Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысы полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.

Осы жылдың ақпан айында аудандық полиция бөліміне малдары ұрланған Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, арам пиғылдарын жүзеге асырған ұрыларды анықтады.

Тексеру барысында олардың 9 түйені далалық жерде жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. 24-30 жастағы қылмыстық топтың мүшелері ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патрондары, пышақтар, мал терісі алынды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<