Қызылорда облысында жаппай төбелес болды

545

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында белгісіз біреулер төбелес шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Полиция мәліметінше, оқиға 22 қаңтарда сағат 19:30-да  Қазалы ауданындағы спорт клубының жанында ер адамдар арасында болған. Оқиға орнына шұғыл түрде полиция нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. Қабылданған жедел шаралар нәтижесінде төбелес тоқтатылды. Полиция бөліміне 8 азамат жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Полицияға шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

– Бұл факт ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жүргізіліп жатыр. Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың нарядтары күшейтілді. Профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудандағы криминогендік жағдай тұрақты, – деді Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ғанибек Құрманалиев.

Фото ашық дереккөзден

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<