Қызылорда теміржол вокзалы қайта жаңғыртылуда

389

0

Қызылорда теміржол вокзалы – өткен ғасырдың басында ерекше архитектурамен салынған нысан. Тоғыз жолдың торабында орналасқан, әр тараптан келген жолаушыларды тоғыстыратын шаһардың бас қақпасы.

Биыл сәуір айында «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Вокзал ғимараттары мен аумағын күрделі жөндеу үшін «Қазақ Жоба Құрылыс» ЖШС-нің демеушілігі есебінен жоба-сметалық құжаттама әзірленді.

Сәуір айында Қызылорда облысы әкімдігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірлесіп, Қызылорда теміржол вокзалы ғимаратын коммуналдық меншікке беру бойынша жол картасы бекітілді. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы ұлттық компанияға вокзал ғимаратын күрделі жөндеудің жоба-сметалық құжаттарын табыстады.

Теміржол вокзалының әкімшілік ғимаратын мердігер мекеме «Берсугир» ЖШС жөндеуде.

Бүгінде сыртқы және ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат жаңа кейіпке еніп, келбеті ажарлана түсті. Вокзал аумағындағы 2-ші перронға және автотұраққа жаңа асфальт жабындылары төселуде. Жалпы 3 700 шаршы метр аумақ асфальтталып, тағы 1 500 шаршы метр аумақты асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<