Қызылорда жылу электр орталығы Табиғи монополиялар туралы заңның 26-бабының 2-тармағының 15- тармақшасында көзделген міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті анықтағандай, кәсіпорын табиғи монополия субъектісі үшін бекітілген тарифтік сметаны орындамаған. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-тармағына сәйкес 4 млн 152 мың теңге айыппұл төлеуге тиіс болған.
– Табиғи монополия субъектісі департамент қаулысымен келіспей, Қызылорда қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағыммен жүгінді. Соттың қаулысымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 829-бабының 11-тармағының 2-тармақшасы негізінде айыппұл мөлшері 30%-ға қысқарды. Нәтижесінде барлығы 2 млн 906 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда айыппұл сомасы мемлекет кірісіне толық өндірілді, – делінген хабарламада.






