Қызылордада ішкі істер органдарының есебіне 17 жасөспірім қойылды

360

0

Қызылорда облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2023 жылдың 17-19 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жергілікті мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп, жастар мен кәмелетке толмағандар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік шара жүргізіп, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық іс-шараның қорытындысымен барлығы 311 әкімшілік хаттама рәсімделді. Оның ішінде түнгі уақытта (сағ 23:00 ден кейін) тұрғын – жайдан тыс жүрген 282 жасөспірім, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаған 20 ата – ана, бұзақылық жасаған 8 жасөспірім анықталды.

ІІО есебіне 17 жасөспірім және тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған 16 ата-ана есепке алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<