Қызылордада канал жағасына егілген екі есірткі алқабы анықталды

382

0

Сурет Polisia.kz

Қызылордалық полицейлер канал жағасына егілген екі есірткі алқабын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылына қарасты Елтай каналының жағасында екі есірткі алқабын анықтады.

Бірінші алқаптан 33 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны 106 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдікті егіп баптағаны үшін ұсталды.

Екінші алқапта 35 түп сора өсімдігіне ұқсас өсімдік еккен 53 жастағы сол ауданның тұрғыны құрықталды.

Бұдан бөлек бұл алқапта 16 калибрлі аңшы мылтығы анықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<