Қызылорда облысында спидкубингтен — Рубик текшесін уақытқа құрастыру бойынша ашық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — бос уақытты ұтымды пайдалану, облыс жастары мен кәмелетке толмағандарды бос уақытын тиімді пайдалануға және салауатты өмір салтына тарту, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылыққа және спортқа деген қызығушылығын арттыру, жарыстар арқылы ұжымдық қарым-қатынастар орнату, сондай-ақ спидкубингті жастар мен жасөспірімдер арасында спорт түрі ретінде танымал ету және одан әрі дамыту болып табылады.
Жарысқа облыстың әр ауданның мектеп оқушылары мен жастары қатысып, логикалық ойлау қабілеттерін, жылдамдықтарын, зейіндерін және қол қимылдарының шапшаңдығын көрсетті. Қатысушылар арасында тартысты бәсеке өрбіп, өзара қолдау мен достық атмосферасы қалыптасты.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын иегерлері: Әмірханұлы Мейірхан (Арал ауданы N260 орта мектеп), Алмағанбетов Беруди (Қазалы ауданы №226 мектеп-гимназия), Алмасов Жомарт (Қармақшы ауданы N80 мектеп-гимназия), Қыдырбек Нұрәділ (Жалағаш ауданы N32 мектеп-лицей), Әлиева Нұрдана (Шиелі ауданы N207 орта мектеп). Екінші орын алғандар: Әлиева Жайна (Арал ауданы N262 орта мектеп), Тасбосын Ислам (Қазалы ауданы №204 орта мектеп), Канатбеков Расул (Қармақшы ауданы N274 орта мектеп), Қақарша Айбын (Жалағаш ауданы N122 мектеп-гимназия), Бөлеген Нұрасыл (Шиелі ауданы N243 мектеп-гимназия). Үшінші орын иегерлері: Тұрсынхан Санжар (Жаңақорған ауданы N51 орта мектеп), Садық Алдияр (Жаңақорған ауданы N51 орта мектеп).
Аталған іс-шара Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы тарапынан ұйымдастырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бос уақытты тиімді өткізу мәдениетін қалыптастыруға және есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстарды күшейтуге бағытталды.






