Қызылордада жаңа автовокзал салынады

192

0

Биыл шілде айында Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 975 млн теңгені құрайтын, заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа автовокзалдың іргетасы қаланды.

Автовокзал пайдалануға берілгеннен кейін 55 автобус маршруты яғни, 124 рейс ұйымдастырылады. Ташкент қаласына 1 халықаралық рейс, 46 ауданаралық, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Жібек жолы (Черняевка), Ақтөбе және тағы басқа қалаларға 8 маршрут жолға шығады. Осылайша қызылордалық жолаушылар мен қала қонақтарының жайлы да қауіпсіз көліктермен сапарлауына, жолға жаңа автовокзалдан аттануына лайықты жағдай жасалмақ.

Нысан жыл соңында пайдалануға беріледі. Мұнда жаз мезгілінде күніне 3700-ден астам, ал қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетіледі.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<